Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жиын мен тойларды уақытша өткізбеуге кеңес берді

0 2  332

4 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Алматы қаласының бас имамы халыққа діни жоралғылар бойынша өтетін жиындар мен тойларды уақытша тоқтатуға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Сақтансаң – Құдай сақтайды. Адам көп шоғырланатын жерлерге бармаған дұрыс. Дәстүрлі шараларымызды да мүмкіндік болса кейінге қалдырғанымыз жөн. Той, ас, қонақ асы, садақаларымыз бар, оған шариғат ешқандай тиым салмайды. 40 күніне берілмесе де, осы жағдайға байланысты кейін берсе Алланың құзырында ол қабыл болады. Сондықтан, меніңше, азаматтар бұған құлақ асу керек»,– деді Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай коронавирус тақырыбына арналған брифинг барысында.

Сондай – ақ, ол коронавирус індетінің таралуы барша әлемді алаңдатып отырған басты мәселе екенін атап өтті.

Бұған дейін, өңірлік провизорлық стационардың 1 А санатына – 131 азамат, 1 В бойынша – 119 адам, 2-категория бойынша – 955 және 3-категория бойынша 1632 адам бақылауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.