Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сенат Төрағасы ораза айының басталуымен құттықтады

0 755

25 cәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығы атынан Сізді және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымын күллі әлем мұсылмандары үшін қасиетті, айлардың сұлтаны – Рамазан мерекесімен құттықтаймын! Бұл мүбәрак айда мұсылмандардың жүректері мейірімділік пен ізгілікке толып, қамқорлық пен қайырымдылық істер жасауға ұмтылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының көпконфессиялы Қазақстан қоғамының бірлікте өмір сүруіне, мұсылман қауымының ынтымақта болуына қосқан салмақты үлесін бағалай отырып, елдің дамуы мен тұрақтылығын сақтау жолындағы құнды қызметіңізге табыс тілеймін» деді Дариға Назарбаева.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.