Сұрақ: Ораза кезінде тіс емдетуге бола ма?
Жауап: Адам ораза кезінде тіс емдетіп немесе жұлдыртатын болса оразаны бұзбайды. Тіс емдету үшін жергілікті анестезия (жансыздандыру) уколын салдыру да сол үкімде.
Тек, тіс емдету кезінде ішке қан, дәрі немесе судың кетіп қалмауын қадағалауы тиіс. Кетіп қалған жағдайда сол күннің қазасын ғана өтейді.
Ибн Абидин: «Рамазан айында тіс жұлдырып, ішке қан кетсе, мейлі ұйқыда болса да, сол күннің қазасы міндет болады.
Сондықтан да, зәрулік жағдай туындамаса, оразаның бұзылып кету қауіпі болғандықтан Рамазан айынан кейін тіс емдеткен жөн болады.
fatua.kz