Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имам Бауыржан Есмахан онлайн режимде жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді

0 954

29 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас имам онлайын сұхбат беріп, оразаға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Биылғы ораза жылдағыдан өзгерек. Карантин режиміне сәйкес келген қасиетті айда дін мамандары уағыз-насихат жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен ел мешіттерінде имам-ұстаздардың онлайн дәрісі жұртшылыққа жол тартты.

Мүфтият бастамасына үн қосқан “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешіті де дәрістер мен уағыздарды онлайн форматта жүргізуде. Жұртшылықтың сұрақтарына да онлайн түрде жауап беріп, төтенше жағдай режиміндегі насихат жұмыстарын жандандыруда.

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан “RamadanTime” сұрақ-жауап алаңында тікелей эфир қонағы болды.

“Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы” ММ мен “Аңсар” ақпараттық талдау орталығы” КММ-нің бірлескен жобасы қатысқан бас имам инстаграм желісінде тікелей эфирде көрермендердің дін мәселесі, ораза жайындағы сұқақтарына жауап берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.