Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Президент әл-Фараби мен Абай мерейтойлары қалай өтетінін баяндады

0 1  502

5 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатында айтты, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

«Ұлыларды ұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз Әл-Фараби мен Абай мұрасын зерделеу арқылы қазақ даласындағы өркениеттің тамыры терең екенін көрсетеміз. Сондықтан бұл мерейтойлар – бәрімізге үлкен сын. Абай өзінің «толық адам» тұжырымын мирас етсе, әл-Фараби «бақытқа жету жолындағы қайырымды қоғам» қағидасын өсиет етіп қалдырды. Ұлы ойшылдардың әділдік пен ізгілік жөніндегі ұстанымы баршаға белгілі. Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам осы қағидалармен үндеседі»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ол қос дананың мерейтойын атап өтуде жоспарланған шаралардың әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда кеңінен насихатталатынын айтты.

«Мерейтойлар аясында мемлекеттік және өңірлік жоспарлар жасалды. Бүгінге дейін кейбір жобаларды жүзеге асырып үлгердік. Қазіргі ахуалға байланысты түрлі мерейтойлық шаралар онлайн форматында өткізілуде. Бұл жобалар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда да кеңінен насихатталады»,- деді Қ.Тоқаев.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.