Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Оразада онлайн Құран Хатым оқылады

0 548

23 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Ертең, 24 сәуірден батап Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен екінті намазынан 10 минут өткенде республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу шарасы басталады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Рамазан айында бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылатынын хабарлаған болатын.

Құран хатым оқу 24 сәуірден 19 мамырға дейін жалғасады. ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет ТВ» студиясынан тікелей эфирде көруге болады. Құран Хатым дұғасы қасиетті Қадыр түнінде жасалады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.