ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады.
«Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. «Он екі айдың сұлтаны» саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!
Ораза айт мерекесі – ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді. Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке.
Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» делінген құттықтау хатында.