Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

3000 сұраққа жауап берді

0 1  237

1 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Өткен мамыр айында ҚМДБ-ның Call-орталығы 3 мыңнан астам сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Орталық мамандарының айтуынша, мамырда 1479 адам ораза, 601 адам құлшылық, 109 адам отбасы, 29 адам теріс ағым, 56 адам несие, 952 адам әртүрлі сұрақтар бойынша хабарласқан. Барлығы 3226 адам орталыққа қоңырау шалып, көкейдегі сұрағын қойған.

Айта кетейік, тәулік бойы жұмыс істейтін Діни ақпарат орталығына (call-center) 33-30-30 нөміріне хабарласу арқылы сұрақ қоюға болады. Орталықтың білікті мамандары қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.