Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Алматы имамдарымен кездесті

0 848

28 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына сапары барысында қала имамдарымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Басқосуға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мен Орталық мешіттің дін қызметкерлері және аудандардың бас имамдары қатысты.

Бірінші кезекте Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай қаладағы діни ахуал туралы баяндап, пандемия кезіндегі дін қызметкерлерінің атқарған жұмысы мен қайырымдылық шаралары, сондай-ақ, Діни басқарманың 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралардың қалай жүзеге асып жатқандығы жөнінде есеп берді.

Ал Бас мүфти имамдарға дін қызметкерінің қазіргі таңдағы имиджіне баса мән беру керектігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар имамдарды жамағатпен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болуға үндеп, мешіттердегі уағыз-насихат және жат ағым ерушілеріне түсіндіру жұмыстарын жандандыруға нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.