Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алматы: Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

0 715

қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Алматыда санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды Алматы қалалық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтына сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Жарияланған қаулыда қазан айында КВИ жұқтыру жағдайы екі есеге 165-тен 360 –қа дейін өскені айтылған.

Коронавирус инфекциясы жағдайларына эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде адамдар індетті ұжымда, қоғамдық орындарда, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде, қоғамдық көлікте жұқтырғаны және жасы 60 асқан адамдар жиі жұқтыратыны анықталды.

Құжатқа сәйкес мынандай профилактикалық шараларды жүргізу қажет:

– аптасына 3 рет кіреберістерді, көпқабатты үйлердің баспалдақтарын, тұтқаларды, қабырғаларды, есік тұтқаларына дезинфекция жасау;

– балалар ойын алаңдарын және тұрғындардың демалатын орындарын (орындықтар) үйлердің айналасын күнделікті тазалаумен дезинфекциялау;

– қоғамдық көлік ішін соңғы аялдамада мінедетті түрде дезинфекциялап, жуу керек.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.