Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Осындай мама кімде бар?

0 1  365

Біздің әкемнің ағасының әйелін мама деуші едік.Бүгін мамам қайтыс болды. Жүрегім қатты ауырды…

Мамамды ешқашан көшеде есіктің алдында көрмегеміз. Бұл әйел үйден көшеге шықпай, дүкен кезбей, базарды білмей өтіп кетті. Жақындарына барса да тез келетін, жатып қалмайтын. Жөргектегі баланы ана қалай абайласа, мамам бабамды (ерін) дәл солай абайлап, ықтиат қылушы еді. “Бір күні келсем, мамам бабамның аяғын тазикке (керсен) салып жуып отырған екен. Жуған кезде де бар ықыласымен беріліп, әр бір башпайын мейіріммен абайлап жуды. Ақырын білдірмей күзетіп тұрдым. Ол атамның аяғын қайта-қайта шайқап, өз тізесіне қойып тұрып, қардай аппақ сүлгімен абайлап сүртіп қойды. Бабам жас баладай қуанып отыр еді”.

Мамам от басының барлық кемшілігін еркекке айта берсе көңіл-күйі бұзылады деп, тежеп, ептеп, от басын күшті алып барушы еді.

Атам үлкен жұмыста істесе де, қызметкердің әйелімін деген емес, от басына жәрдем деп тігіс тігетін. Балаларының майда кемшіліктерін өзі жайына қоятын. Бабам тірі кезінде мамамды аяғы алты, қолын жеті жағдайда көруші едім. Қолынан кекпір түспейтін. “Атаң мынаны жақсы көреді, атаң оны жаман көреді, деген сөздерді айтушы еді”. Бұл сөздерді жүзі тола қуаныш, құрметпен айтушы еді…

От басындағы махаббаттың құдыретіне таң қалдым:

Бабам тірі кезінде білегінен от шашырап жүрген мамам бабам қайтыс болғаннан кейін қарс етіп сынды! Сене беріңіз, ойымда мамамның ішіндегі тегіс тартылып, оны тік қылып тұрған бақуат бір тірегіш үзілді. Мамам тік тұра алмай қалды. Көзі де, құлағы да жақсы болмай қалды. Оны атам тік ұстап жүрген екен. Жоқ, жоқ, дұрысы мамамды сүйген адамына істеген қызметі ұстап тұрған екен. Қызметі түгесімен, күзгі ағаштай мамажаным ду етіп төгілді…

Аружан ТӘҢІРБЕРГЕН

Автордың фб парақшасынан

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.