Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Терең тарихтың тұнбасы

0 1  173

Осыдан жеті жүз жыл бұрын парсы тілінде жазылған, кезінде барлық оқымыстылар мойындаған және «ортағасырлық энциклопедия» ретінде танылған Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» атты кітабын қалың жұртшылық ақиқат тарих деп санайтыны белгілі.

Рашид-ад-Дин бұл кітапта келтірілген деректердің XIII-XIV ғасырларда Иран мемлекетінде хандық құрған Шыңғыс хан әулетінің қазыналарында аса құпия сақталған «Алтын дәптер» сияқты дереккөздерден алын­ғаны тура­­­­лы бірнеше рет атап өткен. Аталған кітап әлем жұрт­шы­лы­ғына тек XIX ғасырда ғана танымал бола бастаған.

Ең алғаш француз және ағылшын тіліне аударылған. 1858-1888 жылдары И.Н. Березин өзі­нің «История монголов» және «История Чингис-хана» деген екі үзіндісін орыс тілінде жария­лаған. Ал 1936-1952 жылдар аралығында СССР Ғылым Ака­демиясының шығыстану инс­ти­ту­тының ғалымдары «Жамиғ ат-тауарихты» орыс тіліне аударып басқан. Осы аудармалардың нәтижесінде, жұртшылықтың санасында Шыңғыс ханның шық­қан тегі «моңғол» деген ұғым қа­лыптасқан.

Ата-бабамыздың төл тарихы жа­зылған «Жамиғ ат-тауарих» қаз­ақ тіліне алғаш рет 2016-2018 жыл­дар аралы­ғын­да Ха­лық­аралық Түркі ака­демия­сы­ның арнайы жобасы аясында аударылды. Оны аударған араб, парсы және шағатай тілдерінің маманы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Ғұла­ма­лар кеңесінің мүшесі, Оңтүс­тік Қа­зақ­стан мемлекетік уни­вер­си­те­­тінің аға ғылыми қызметкері Зәріпбай Жұманұлы Оразбай.

«Жамиғ ат-тауарихтың» қазақ­шасы мен орысшасын салыс­ты­рып зертеу барысында оның орысша аудармасында өрескел қате­ліктер анықталды. Соның нәти­жесінде тайпалардың, адам­дар­дың, жерлердің, таулардың, өзендер мен көлдердің атаулары мен тарихтары адам айтқысыз өзгерістерге ұшыраған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс пен Бұрқан Қалдұн тау­ла­рындағы өзендердің алқа­бын мекен­деген түркілердің мұғул тармағынан шыққан Шыңғыс хан мен оның руының атауы «моңғол» деп қате аударылып, мұғулдар мен олардың ежелгі көршілері болған керейлер мен наймандардың ата-мекендерінің орындары аудар­ма­­шылардың «көмегімен» Ертіс пен Бұрқан Қалдұннан Моң­ғолия жеріне апарылған, сөйтіп олар «моңғолға» ай­нал­ған. Бұрмалаушылар осы айт­қан­дармен ғана шектелмей, сол кездегі көне карталарға да «түзетулер» еңгізіп, таулар мен өзендердің, тайпалар мен мекендердің атауларын сан рет өз­герткен. Олардың осы әрекет­те­­рінің іздерін немістердің, швед­тер мен орыстардың көне кар­­талары мен кітаптарынан кө­ру­­ге болады.

Сонымен қатар жоғарыда айтылған деректердің мұғул жа­зуы­­­мен және мұғул тілінде жа­­зыл­­ғаны анықталды. Ал олар­ды өңдеп, соның негізінде түр­кі­лер мен оның мұғул тарма­ғы­нан шыққан Шыңғыс ханның ше­жіресін алғаш мұғул тілінде әзір­­леген адамның Болат чин­саң екендігі анықталды. Сол деректерді Рашид-ад-Дин баста­ған ғылыми топ өзге де дерек­термен толықтырып, «Жамиғ ат-тауарих» еңбегін жазған. Рашид ад-Диннің айтуынша, түр­кілер мен оның мұғул тар­ма­ғының тарихының аса білгі­рі Болат чинсаң атты бұл ұлы әмір сол кездері Иран мен Тұран әс­керлерінің қолбасшысы бол­ған. Оны кезінде Құбылай қаған Иранға елші етіп жіберген.

Бір өкініштісі, осы айтылған деректер әлі күнге дейін жұрт­шы­лыққа белгісіз болып келген. Олардың барлығы «Жамиғ ат-тауарихты» қазақшаға аудар­ған соң жүргізілген зерттеу барысында ғана анықталды. «Жа­миғ ат-тауарихтың» қазақ­ша­сы бес томнан тұрады және оның таралымы өте аз. Кітап орта­ғасырларда қалыптасқан ерек­ше жазба стилінде жазылған, онда­ғы келтірілген деректер мен оқиғалар тым шашыраңқы болып берілген, оларды есте сақтап, ой елегінен өткізіп қортынды жасауға біршама уақыт керек. Осылардың бәрін ескере отырып, біз «Жамиғ ат-тауарихтағы» түркілер мен оның мұғул тар­ма­ғына қатысты ең маңызды дерек­терді іріктеп алып, соның негізінде «Шыңғыс хан» деген кітап әзірлеп, оқырман назарына ұсынып отырмыз. Бұл кітапқа «Жамиғ ат-тауарихта» кел­тірілген деректерден басқа XV және XVI ғасырларда парсы тілінде жазылған Шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар намасы» мен Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты кітаптарынан алынған: түр­кі және мұғул тайпаларының пай­да болған уақыттары туралы, түр­кілердің мұғул тармағынан шық­қан Шыңғыс ханның шежі­ре­сі Нұх пен Адам атаға барып тірелетіні жайлы, Әмір Темірдің Шыңғыс ханға өте жақын аталас туыс екендігі, 1269 жылы Шыңғыс ханның Қайду хан атты немересінің бас­та­ма­сымен шақырылған Талас құ­рылтайының шешімімен құ­рыл­ған Моғолстан және Алтын Орда мемлекеттерінің Қазақ хандығымен ұштасатыны жөнін­дегі өте құнды және тың деректер қосылды. Сонымен қатар жоға­рыда айтылған қателіктер мен бұрмалаушылықтарға қа­тыс­ты XVII-XXI ғасырларда шық­қан неміс, швед және орыс­тар­дың көне карталары мен кі­тап­тарынан бұлтартпайтын де­рек­тер келтіріліп, оларға тиіс­ті түсініктемелер мен қосым­ша­ма­лар берілді.

Аталған кітаптың тусаукесері осы жылдың 27 қарашасында  Ұлттық ғылыми академиясының ғи­маратында Шоқан Уәлиханов атын­дағы «Тарих және этноло­гия институтында» белгілі ға­­лымдардың қатысуымен онлайн конференция түрінде өтті. Онда  Ұлттық ғылыми ака­­демиясының президенті М.Жұрынов, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Кұлекеев бастаған отандық және шетелдік ғалымдар кітаптың тұ­­сау­­кесеріне жүрекжарды құт­тық­­­тауларын айтып, нақты ұсы­ныс­­тарын білдірді.

Бұл кітап қазақ халқының ру­­хани жаңғыруына, әсіресе біз­дің жастарымыздың рухын кө­­теріп,олардың еліміздің жар­қын болашағы үшін жан аямай ат­са­­лысуына зор ықпал етеді деп ойлаймыз.

Ержан Исақұлов,

саяси ғылымдар докторы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.