Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлына Президенттің Құрмет грамотасы берілді (ФОТО)

0 992

11 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Ел Президентінің жоғары марапаты Наурызбай қажы Тағанұлына елімізде дәстүрлі исламды дамыту, діни қызметті үйлестіру саласындағы жемісті еңбегі және қоғамда тұрақтылық пен татулықты сақтауға қосқан үлесі үшін берілді.

Марапатты Бас мүфтиге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстады.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.