Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Діни басқарманың құрылған күніне орай жиналыс өткізді (ФОТО)

0 825

13 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның кезекті жиыны өтті. Жиынға ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері мен бөлім басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти Діни басқарма ұжымын бүгінгі мерейлі дата – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылған күнімен құтттықтады.

«Бүгін, 12 қаңтар – мүфтияттың құрылған күні. Осыдан 31 жыл бұрын ҚМДБ Орта Азия мұсылмандары діни басқармасынан бөлініп шыққан болатын. Ширек ғасырдан астам шежіресі бар Діни басқарма санаулы жылдар ішінде мұсылман жамағатының рухани өмірінде маңызды орын алатын рухани орталыққа айналды. Былтыр ҚМДБ өзінің 30 жылдық мерейтойын лайықты атап өтті. Биыл ел Тәуелсіздігінің – 30 жылдығы. Діни басқарманың биылғы жұмыстары тәуелсіздіктен тағылым алу бағытында өрбімек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ жиында 2021 жылы атқарылатын игі жобалардың жоспары талқыланды.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.