Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАҚ туралы жаңа заң қашан қабылданатыны белгілі болды

0 2  011

29 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аида Балаева болашақта БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылданатын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұсынудың жаңа ережелеріне қатысты жұмысқа тоқтала келе, алдағы уақытта БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылдануы жоспарланып отырғанын жеткізді.

Осы орайда А. Балаева аталған құжат қашан қабылданатынын айтты.

«Бұл тұрғыдағы мақсат – мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатының заңнамалық қамтамасыз етілген тетіктерін қалыптастыру. Осы орайда БАҚ туралы жаңа заң 2022 жылы әзірленіп, қабылдануы үшін биыл заң жобасының тұжырымдамасы кеңінен талқылауға ұсынылады», деді ведомство басшысы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.