Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Арыстан баб кесенесін зиярат етті (ФОТО)

0 894

6 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Түркістан облысына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Арыстан баб кесенесіне зиярат етіп, әйгілі ұстаз рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Айта кетсек, Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі маңызды ескерткіштің бірі. Ол Түркістан халқының арасында Ислам дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесенеде дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара секілді жеке бөлмелер бар.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.