Уа, достар! Алла Тағала тыйған әр түрлі залымдық пен жаман мінезден сақтану керек. Аятта: «Уа ла тағкулу амуалакум байнакум бил-батил». Мағынасы: «Біріңіздің малыңызды біріңіз бұзықтықпенен жемеңіз» деген.
Және бір аятта: «Иннал-лазина йағкулуна амуалал-натама зул-ман иннама йагкулуна фи бутуниһим нарун уа сайаслауна сағиран». Мағынасы: «Кімде-кім жетімдердің малый залымдыкпен жесе, анығында олар от жеген кісідей дозақтағы отқа тез келеді» деген.
Және аят: «Захарал-фасаду фил-барри уал-бахри бима қасабат айдин-наси лийузиңаһум бағдал-лази гамалу лагаллаһум йарджигуна». Мағынасы: «Әр түрлі бәле келсе құрғақта, яки дарияда болсын, ондай бәлелердің болмағы сол жердегі халықтың залымдық бұзықтық күнәларының себебінен кейбір бұзықтықтарының жазасын дүниеде таттырмақ үшін» деген.
Және пайғамбырымыз айтқан хадис — «Ман матағала гасабиййа-тан фалайса минна». Мағынасы: «Кімде-кім күші менен көптігіне сүйеніп жүріп өлсе, ол менің үмметімнен емес» деген.
Және бір аят: «Йа аййуһал-лазина аману ла йасхар каумун мин ңаумин ғаса ан йакуну хайран минһум уа ла нисағун мин нисағин ғаса ан йакунна хайран минһунна». Мағынасы: «Ей, мұсылмандар! Мазақ қылмаңыз ешбір қауымды, оның үшін, кім біледі, ол қауым мазақ қылушылардан жақсы шығар. Және ешбір ұрғашы да бір ұрғашыны мазақ қылмасын, кім біледі, ол ұрғашы өзінен жақсы шығар» деген. Яғни Алла қасында мазақ қылушыдан мазақ болушылар жақсы болып жүрмесін.
Және бір аят: «Уа ла тал-мизу анфусакум уа ла танаббазу бил-алкаби бисал-исмул-фусуку багдал-имани уа ман лам йатуб фа улагика һумуз-залимуна». Мағынасы: «Өздеріңізді өзіңіз міндемеңіз һәм жаман ат қойып, қорлап, лақап қылып шақырмаңыз (ит, доңыз, кәпір дегендей). Иманды болған кісіге ол бек жаман атақ. Егерде осындайлардан біреу тәубе қылмай өлсе, олар бек залым» деген.
Және аят: «Уа ла таджассасу уа ла йағ-таб бағдукум бағдан а йухиббу ахадукум ан йағкула лахма ахихи майтан фа кариһтумуһу». Мағынасы: «Біріңізді біріңіз тінтіп ғайыбын царамаңыз, ғайбат қылмаңыздар. Жақсы көресіңдер ме өлген туысқандарыңның етін жегендей, бүл сондай күнә» деген.
Және бір аятта айтқан: «Уа ла тамши фил-арди марахан аннака лан тахрикал-арда уа лан таблуғал-джибала тулан». Мағынасы: «Жүрмеңіздер жер үстінде тәкәппарланып, үйткенмен жерді жыртып жібере алмас һәм кекірейгенменен таудан ұзын зор бола алмас» деген.
Және бір аятта: «Уа ла тағауану галал-исми уал-гудуани». Мағынасы: «Жәрдемші болмаңыздар ешқашан күнә менен дұшпандық залымдыққа» деген.
Енді жоғарғы аяттардан байқаған шығарсыз, барша жаман мінездерден тыйылуға міндетті екенімізді. Және ақылға да лайығы жоқ. Себебі, осы айтылған істердің бірде-бірін өзіңізге өзге біреу қылса, жақсы көрмейсіз.
Бұлардан басқа да жаманшылық толып жатыр. Мәселен, біреу малыңызды ұрлап тартып алса, жақсы көрмейсіз. Сондай өзіңіз жек көретұғын нәрсенің ешбіреуін өзгеге қылмасаңыз, Алланың тыйғанынан тыйылған, ақылдың ұнағанын қылған боларсыз. Және өзіңіз біреу тәкаппарлық қылса қалай көресіз, алдаса қалай, яки біреу арақ ішіп, ақылынан адасып, аузына келгенін сөйлеп сандалып жүрсе, оны қалай көресіз. Біреу ысырап қылып малын шашып жүрсе, яки тіпті сараң болып, бейшараға қараспаса, жақсы көресіз бе?
Ойлаңыз, өзіме біреу сөйтсе қайтер едім деп? Сол себептен пайғамбарымыз айтқан: «Ахаббан- насу ма тухиббу нафсука» – «өзіңіз не нәрсені жақсы көрсең, өзгелерге де соны қыл» деген.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Мұсылмандық шарты» кітабынан
Sunna.kz