Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұхаммедәмен Көпеев: Дінге жүрмес жанасып

0 587

Талапты, оқыған жастарға –

Тағдыр түзу, тыю жоқ.

Сезбес, мақау, настарға

Қайда барса, сүю жоқ.

Үлгі көрмей өскенге,

Өмірде есін жию жоқ.

Әуеспен уақыт кешкенге,

Ешбір істе қию жоқ.

Береке деген тілектен,

Таза келсе, күю жоқ.

Қайнасып шыққан жүректен,

Еш қазақта сүю жоқ.

Көрінісі – құр мұсылман,

Жұмысқа жоқ ұсынған.

Болса, сасып қысылған,

Оған мейірім ию жоқ.

Кетті қазақ адасып,

Дінге жүрмес жанасып.

Қарындасқа қарасып,

Қол қайырым ию жоқ.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.