Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әр күні 14 парақ еңбек жазған ғалым

0 589

Атақты тәпсірші, тарихшы, хадис ілімінің майталманы имам ибн Жарир әт-Табаридің өмірі пенде атаулыға үлкен ғибрат. Ол секілді уақытын үнемдеген адам әлемде кемде-кем шығар. Қырық жыл бойы қатарынан күнделікті қырық бет ілім жазу оның әдеті болатын.

Әбу Мухаммад әл-Фарғани «Силә» кітабында мынандай деректі келтіреді:

«Балиғат жасынан бастап қайтыс болғанға дейінгі өмірінде жазған еңбектерін бөлген кезде әр күні 14 парақ еңбек жазған».

Ол түске жақындаған кезде тамақ ішетін, содан соң кішкене ұйықтап, бесін намазын үйінде оқитын. Сөйтіп, екінті намазына дейін ілімге ден қоятын. Екінті намазы болғанда мешітке барып, жамағатпен намаз оқитын, намаздан кейін шәкірттерінен кешегі сабақты сұрап, жаттауға жаңа сабақ беретін. Ақшам намазынан кейін шәкірттеріне дәріс жүргізетін. Құптан намазынан кейін үйіне барып, дініне, өзіне және ілімге уақытын бөлетін.

Атақты ғалым һижра жыл бойынша 224 жылы туылып, 310 жылы 86 жасында қайтыс болған. Мұсылман үмметіне 358 000 парақты қамтитын орасан зор еңбек қалдырған.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.