Жексенбі, 4 қазан 2026 ж. 23 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:14
Бесін 12:08
Екінті 15:57
Ақшам 17:51
Құптан 19:17
Жаңалықтар

Бала тәрбиесіне арналған семинар өтті (ФОТО)

15 нау 2021 2 255 рет оқылды
Бала тәрбиесіне арналған семинар өтті (ФОТО)

15 Наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Дәстүрлі бала тәрбиесі» атты семинар өтті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Мешіттің Әйелдер-қыздар секторы мен «Аналар» мектебінің ұйымдастыруымен өткен шара бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіне арналды.

Іс-шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков, наиб имам Рахматолла Байменов, журналист Оразбек Сапархан арнайы қатысып, тақырыптық баяндама жасап, сәлихалы ой өрбітті.

Хамзат Әділбеков «Бала тәрбиесіндегі 9 қағида» атты баяндама жасап, бүгінгі таңдағы балалардың жан-жақты білікті де, білімді азамат болуы үшінкеректі өлшемдер, ұлттық құндылылқтарымыз бен асыл дініміздегі бірегей құндылықтар турасында айшықты баяндама жасады.

Рахметолла Байменов өз кезегінде қазақ мақал-мәтелдеріндегі бала тәрбиесі, аналардың орыны туралы тұщымды ойларымен бөлісті.

Ал, Оразбек Сапархан қазақ дүниетанымы мен Абай танымындағы бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер төңірегінде.

Қатысушыларға «Бала тәрбиесіндегі 9 қағида» атты арнайы бүктемелер таратылды.