Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пандемияға байланысты қажыларға зәмзәмді роботтар таратады

0 967

COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында биыл қажылық кезінде зәмзәм суларын адамдарға роботтар тарататын болды. Әр роботтың үш қатар сөресіне су бөтелкелері қойылады. 20 маусым күні олар өз қызметіне кірісті.

«Олардың мақсаты – адамдармен қарым-қатынасқа түспей қызмет көрсету», – дейді Харам мешітіндегі зәмзәм құдығының меңгерушісі Бадер әл-Лұқмани.

«Қазіргі күні Меккеге келушілер мен қажыларға 20 робот қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта адамдар санының артуына байланысты тағы да роботтар жұмысқа қосылатын болады», – дейді ол.

Еске сала кетсек, өткен сенбіде Сауд Арабиясының билігі пандемиялық жағдайдың тұрақсыздығы мен коронавирустық инфекцияның жаңа мутацияларының пайда болуына байланысты биылғы 2021 жылы да қажылық рәсімдерін шектеу туралы шешім қабылдаған болатын. Яғни, биылғы үлкен қажылыққа Сауд Арабиясының азаматтары мен резиденттеріне ғана, барлығы 60 мың адамға қажылық міндетін өтеуге рұқсат берілмек. Демек, шетелдік мұсылмандар биыл да қажылыққа бара алмайды. Бұл өткен жылға қарағанда жоғары көрсеткіш, алайда пандемияға дейінгі кездермен салыстырғанда әлдеқайда аз. Айталық, 2019 жылы 2,5 миллион адам қажылық парызын өтеген болатын.

Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты – Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.