Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Имам Бұхари мазары маңында үлкен мешіт құрылысы басталады  

0 964

Өзбекстанда Самарқанд маңындағы имам Бұхари мемориалдық кешенінің маңынан үлкен мешіттің құрылысы басталады.

Имам Бұхари мазары Самарқанд облысының Хартанк ауылында орналасқан. Аумағында мешіт, ислам мектебі мен кітапхана бар. Жаңа жобаның аясында кешенде сыйымдылығы 25000 (оның ішінде негізгі залда 7000, әйелдер залында 3000 және аулада 15000) адамға  арналған 4 мұнарасы бар мешіт құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды «sunna.kz» сайты «IslamNews»-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, салынғалы жатқан мешіттің ішінде әкімшілік ғимарат, жер асты галереясы мен мәйіт жуу бөлмесі де қарастырылған. Жаңа ғимарат 2 гектардан астам аумақты алады. Құрылыс 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Имам Бұхари мазары маңынан үлкен мешіт салу жобасын Enter Engineering компаниясы жүзеге асыруда. Ұйым директоры Ұлықбек Усманов тарихи кешенді қалпына келтіруге қатысу үлкен мәртебе, сонымен қатар мұсылман қоғамы мен ел алдындағы үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.