Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

33 елдің азаматтары кіші қажылық рәсімін өтей алмайды

0 1  085

Түркияның Дін істері министрлігі жексенбіде 33 елдің азаматтары кіші қажылық рәсімін жасай алмайтынын хабарлады, деп жазады IQNA агенттігі  Arabic.rt телеарнасына  сілтеме жасап. «Елдердің тізімі жаңартылуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Египеттің Masrawy ақпараттық сайтының хабарлауынша, елдер тізіміне АҚШ, Египет, Оңтүстік Африка, Франция, Италия, Швейцария, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Аргентина, Бразилия, Индонезия, Жапония, Қытай, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Иран кіреді. Сонымен қатар, бұл тізімде  Либерия, Гвинея-Бисау, Фарер аралдары, Португалия, Ирландия, Армения, Черногория, Македония, Никарагуа, Гонконг, Макао, БАӘ мен Кюрасао және Тайвань мен Ливан да бар.

sunna.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.