Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жаңа пәтуа: Екі жағдайда ғана татуировкаға рұқсат

0 1  430

Мысырдағы «Әл-Әзһар» ислам университетінің дін ғалымдары екі жағдайдан басқа жағдайларда адам денесіне татуировка жасауға болмайтындығы туралы пәтуа шығарды. Тек мына жағдайларда ғана татуировкаға рұқсат:

  1. Егер бұл медицина тұрғысынан қажет болса;
  2. Жуғанда кететін қынамен өрнек түрінде салынса.

Пәтуа оқу орнының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

«Екі жағдайдан басқа кезде «тату» салуға болмайды және екі жағдайда да ол сүрткенде кететін болуы тиіс… Бірінші жағдайда емдеудің басқа түрі болмай, тек тату түрінде емдеу әдісіне қажеттілік болса ғана… Екінші жағдайда оңай кетіруге болатын қынамен немесе перманентті емес маркермен терінің бетіне сурет салуға болады» делінген пәтуада.

Медициналық қажеттіліктерге байланысты денеге татуировка салуға мысал ретінде ақыл-есінен айырылып қалатын адамның жағдайын келтіреді. Ол көшеде адасып кетпеуі үшін қолына оның атын немесе тұратын мекенжайын жазып қоюға болады.

Дін мамандары денеге инемен салынатын татуировканың денсаулыққа зиянды екенін атап өтті. Мысалы, ине арқылы С гепатиті, ВИЧ, басқа да жұқпалы аурулар таралуы мүмкін.

kazislam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.