Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Республикалық қарилар байқауын «MUNARA TV» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар

0 679

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай киелі Түркістан қаласында өтетін Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық қарилар байқауын «Munara TV» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

12-13 қазан күндері Құран Кәрімнің 10, 20, 30 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтетін байқау сонымен қатар «Муфтият ҚМДБ» Youtube арнасы мен @muftiyatkz инстаграм парақшасы арқылы онлайн көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық іріктеу сайыстары өтіп, Х республикалық байқауға қатысатын қарилардың есімдері белгілі болды. Ал бас жүлдені жеңген қари шетелдік автокөлік тізгіндемек.

muftiyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.