Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт жанындағы Аналар мектебі жұмысы жанданады

0 837

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің әйелдер қыздар секторындағы шәкірттерге арнадған “Құран – нұрдан тәж” атты рухани кеш аясында Аналар мектебінің жұмыс талқыланып, құрамы толықты.

Мешітіміздің Әйелдер-қыздар секторына қарасты бұл мектеп “бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербеткен” әйелдер қауымының жамағат арасында дәстүр мен дін сабақтастығын насихаттап, жат ағымның алдын алу, жас буынға тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылып, тұрақты жұмыс жасап келеді.

Осы ретте жұмысты жандандыру үшін мектеп құрамы көргені көп, өмірлік тәжірибесі бар, ата дәстүріміз бен дін құндылықтарын жақсы меңгерген аналармен толықты.

Аналар меңтебі алдағы уақытта арқылы дін мен дәстүр сабақтастығы аясында түрлі фоматта іс-шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.