Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Х республикалық қарилар байқауының жеребесі тартылды (ФОТО+ВИДЕО)

0 834

Бүгін киелі Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде Х республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан» қарилар байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.

Алдымен байқауға қатысушы қариларға сәттілік тілеп, дұға жасалды. 

Жеребе тарту рәсіміне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт пен «Muftyat» баспасының директоры Мұрат Манапұлы, сондай-ақ байқауға төрелік ететін танымал қарилар Данияр Жұмабаев, Ерсін Әміре және Жұманазар Садырханов қатысты.

Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 74 үміткер қатысқалы отыр. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен оқ бойы оза шапқан сайыскерлер 4 аталым, яғни, Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ, мәнерлеп оқу бойынша бақ сынамақ. Ал бүгінгі рәсім барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды. Қарилар байқауы Түркістан қаласының «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде еліміздегі пандемияға байланысты сақтық шараларын сақтай отырып өтеді және жалпы жұртшылыққа Діни басқарманың «Munara TV» телеарнасы мен «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан, сонымен бірге @muftiyatkz инстапарақшасынан тікелей көрсетілім ұсынылады.

Жеребе тарту рәсімінде үміткерлерге жарыс ұйымдастырушылары пандемияға байланысты байқаудың қалай өтетінін баяндап, сақтық шараларын ескеруді сұрады.

muftiyat.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.