Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қызылордада жаңа мешіт ашылды

0 764

Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылында жаңа мешіт халық игілігіне берілді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған «Жетікөл» мешітінің ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, Қызылорда облысының бас имамы Б.Абуов қатысып, құттықтау сөздерін білдірді.

«Жетікөл» имандылық үйінің салу барысында қаржылай қолдау көрсеткен «Дәулет Азия» компаниясының директоры Талғат Сәбитұлына сонымен қатар, Гүлнұр Нұржанқызына, Рамазан Тұрсынбайұлына, Еркін Сейткамалұлына, Нұрмаханбетулла Ералыұлына ауыл тұрғындары шексіз алғыстарын жеткізсе, Б.Абуов демеушілерді алғыс хатпен марапаттап, қасиетті Құран Кәрімді сыйға тартты.

Ауыл мешітінің ашылу салтанатына шақырылған қонақтарға жаңа мешіт ғимараты таныстырылып, соңынан Құран бағышталды.

aqmeshit.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.