Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құран және ғылым: Желдің ұрықтандыру қызметі

0 1  016

Құран Кәрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген Батыс-Шығыс ғалымдарын таң қалдырып, Исламға бас идірген. Міне, бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Алла тарапынан жіберілгендігінің дәлелі.

Желдің ұрықтандыру қызметі

«Хижр» сүресіндегі:

«Біз желді ұрықтандыру үшін жібердік, сөйтіп аспаннан жаңбыр жауғызып, сендерді сусындандырдық…» аяты жаңбырдың жаууында, желдің ұрықтандыру қызметін атқаратындығын ашық баяндайды.

Аятта жел үшін қолданылған «уақих» сөзі «ұрықтандыру» деген мағынаны білдіреді.

Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір-бірімен қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан кезде жерге жаңбыр жауады.

 Желдің бұлттарды айдап, бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта «бұлттарды бір-біріне қосады» деп емес, «ұрықтандырады» деп берілуі шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған желдің бұлттарды «ұрықтандырады» деуінің астарынан бұлттардың да бейне бір аталық-аналық тәрізді позитив-негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады.

Демек, желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен қосып, тығыздауы нәтижесінде жаңбыр жауғызуы оның «ұрықтандыруы» болмақ.

Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни осыдан он бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани атты ғалым жоғарыдағы аятты тәпсірлегенде:

«Әуелі жел өсімдіктерді тозаңдайды, сосын бұлттарды ұрықтандырады», – деп желдің өсімдіктерді тозаңдайтынын һәм бұлттарды да ұрықтандыратынын айтуы таң қаларлық.

Міне, Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын желдің аналық-аталықтан тұратын өсімдіктерде және позитив-негативті бұлттарда ұрықтандыру қызметін тқаратынын ашық айтып кеткен. Ғылыми тұрғыда кешірек дәлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400 жыл бұрын ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай болса, Құран адам емес, осы заңдарды жаратқан Ұлы Құдіреттің сөзі болмақ.

«Имани гүл» кітабынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.