Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Катар елінен келген делегацияны қабылдады

0 501

11 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Катар елінен келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz сайты.

Кездесуге Катар тарапынан «Qatar» Даму қорының Жобаларды басқару жөніндегі басшысы Хасан Забиб, аталған қордың жобалар зерттеушісі Ануд Мұхаммед әл-Кауари, Әкімшілік істері зерттеушісі Наср Мұхаммед әл-Жабр, Khatib Alemi компаниясының басшысы Алекс Ханна және Орта Азиядағы өкілі Машхур Шаар қатысты.

Екіжақты кездесу негізінен іскерлік бағытта өрбіді. Тараптар елордадағы «Нұр Астана» мешітін кеңейту, жаңа заманауи бағыттағы нысанға айналдыру жағын талқылады. Өйткені кезінде Катар елінің қолдауымен тұрғызылған мешітте еліміздің климаттық жағдайы, дәрісханалар, қажетті бөлмелер, қорыта айтқанда қазіргі талаптар ескерілмегені айтылды.

Кездесу барысында қор өкілдері жоба бойынша ортақ келісімге келетінін жеткізді. Басқосу соңында Бас мүфти қонақтарға алғысын білдіріп, қазақы дәстүрге сай кәдесый ұсынды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.