Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жердің айналу бағыты

0 842

«Тауларды  көріп,  оларды  тапжылмай  тұр  деп ойлап  қаласың.  Ал  олар  болса,  бұлттардың  көшуі тәріздес жылжуда» (Нәміл сүресі/88).

Алла Тағаланың адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар оның айналу бағыты да айтылып кеткен.

 Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі – 3500-4000 м биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауарайын болжау үшін көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі де содан.

Ал,  бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай қозғалуының  негізгі  себебі  –  Жердің  айналу  бағыты. Өйткені жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет емей немене?

«Имани гүл» кітабынан.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.