Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адам баласының дүниеге келуі

0 745

Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті Құранда пендені иманға жетелеу үшін алуан түрлі дәлелдер келтіріледі. Адам көзін ақиқатқа ашу үшін Жаратушы иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде өсімдіктерді, енді бірде жануарларды тілге тиек етіп, олардың жаратылысындағы ғажайып сырларды ашып салады.

Сондай-ақ, Құранның көптеген аяттарында адам баласының дүниеге қалай келетіні, Алланың құдіретімен ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні туралы жиі-жиі сыр шертіледі. Мысалы «Мүминун» сүресінде:

«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа), сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын, оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла ең керемет Жаратушы»( Муминун сүресі/12-14), – делінеді.

 Осы сияқты мұғжизаға толы аяттар Құранда көптеп кездеседі. Мұндай аяттарда 7-ші ғасырда адамдардың білуі мүмкін емес болған ғылыми детальдар жатқанын байқау қиынға соқпайды.

Мысал бере кетсек:

  1. Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір кішкене бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан) жаратылатыны,
  2. Сәбидің жынысын – аталық ұрық айқындайтыны,
  3. Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабысып тұратыны,
  4. Сәби ана құрсағында 3 қараңғы кеңістік ішінде өсетіні, т.б. Бұл детальдар 20 ғасырда ғылым мен технологияның шарықтау шегінде ғана айқындалғандығы – адамды Құранға және оны түсіруші Аллаға жақындата түспеуі мүмкін емес, сірә. Енді осыларға тереңірек тоқтала кетелік.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.