Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ислам ақидасының ерекшеліктері (ІІІ)

0 952

в) Ислам ақидасы нақты дәлелге сүйенеді

Ислам ақидасы Құран мен хадис үкімдеріне сүйенгендіктен, кейбір сенімдердегідей «көзіңді жұм да, артымнан ер» деген шолақ түсініктен аулақ. Ислам ақидасы адамзатқа иман негіздерін түсіндіргенде кез-келген мәселені анық дәлелдермен келтіреді. Мысалы, Құранда Алланың бар және бір екендігімен қоса, кәміл сипаттарын жеке-жеке түсіндіретін тұстары кездеседі.

Сол секілді әлемнің жаратылысы, адамның жаратылысы және тарихта болған кейбір оқиғалар да келтірілген.

Сондай-ақ, Құран Кәрімде өлгеннен кейін қайта тірілу мәселесі адамның алғаш жаратылысымен барабар, һәм аспан мен жердің қалай жаратылғандығына теңей отырып нақты дәлелдермен түсіндіріледі (бұл тақырыпқа байланысты мәселелер «Ақыретке иман» бөлімінде кеңірек баяндалады).

г) Ислам ақидасы орта жолды ұстанады

Ислам ақидасы бірқатар сенім жүйелерімен салыстырғанда (табиғаттан тыс күштерге, өзге де беймәлім алапат күштерге, бір құдайға емес, бірнеше құдайға сенім, адам өлгеннен кейін оның жаны басқа тәнге өтетініне сенім т.б.) нағыз орта жолды ұстанады. Сондай-ақ, ең негізгісі Аллаға ешқандай серік қоспастан басқа құдайлардың жоқ екендігіне деген сенімге құрылған. Бұл жайында аятта былай делінеді:

«(Мұхаммед (с.а.у.)) Егер білсеңдер жер жүзі және жер бетінде болғандар кімдікі?» – де. Олар дереу: «Алланікі», – дейді.

«Ендеше, одан неге тағылым алмайсыңдар?», – де. «Жеті қабат көктің Раббы және ұлы ғарыштың Раббы кім?»,- де. «Алла»,- дейді. «Онда оның қаһарынан қорықсаңдар етті»,- де. «Барлық жаратылыстың иелігі кімнің қолында? Біле білсеңдер, айтыңдаршы, адамдарға пана бола алатын кім? Оған қарсы тұра алатын кім, бәріне пана бола алатын кім?»,- деп сұра. «Алла»,- дейді олар. «Сендер қалайша алдандыңдар?»,- деп сұра» (23.Муминун, 84-89).

«Иман негіздері» кітабынан алынды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.