Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аяты ана құрсағындағы сәбидің өсу кезеңдеріне тоқтала келе, алдымен сүйектер бітіп, кейін сол сүйектерді бұлшық еттер қаптайтыны туралы былайша сыр шертеді:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла – ең керемет Жаратушы» («Муминун» сүресі/12-14).
Ана құрсағындағы сәбидің өсіп-жетілуін зерттейтін эмбриология ғылымы – көпке дейін сүйектер мен бұлшық еттер бірге құралады деген қате тұжырымда болып келген еді. Тек технологияның дамуы нәтижесінде ақиқат айғақтарына қол жеткізіліп отыр.
14 ғасыр бұрын, яғни ғылымның дамымаған, микроскоп, УЗИ сияқты құралдардың жоқ кезінде құрсақтағы сәбидің өсіп-жетілу, даму кезеңдерін дөп басып, бүге-шігесіне дейін дәлме дәл айтып кеткен Құранның жаңалықтарын соңғы технологиялардың көмегімен ендіғана тапқан қазіргі эмбриология ғылымы Құранға еріксіз таң қалса, ар-ожданы ояу жандар: «Бұл кітап Алланың шынайы сөзі» деп иман келтіруде
«Имани гүл» кітабынан алынды.
sunna.kz