Білім іздеушіге несібені көбейтетін себептерді, ғұмырды ұзартатын жайттарды өз мақсаты жолында әрекет етуі үшін білуі керек.
Бұлар жайлы ғалымдар кітаптар жазған және осы кітапта да қысқаша түрде кейбірі келтірілген.
Алла елшісі (с.ғ.с.): «Тағдырды тек дұға қайтарады. Өмірді тек жақсылық ұзартады. Расында кісі өзі істеген күнәсі себепті ризығынан мақұрым болады», – деп айтқан. Бұл хадистен күнә жасау ризық-несібеден қағылуға себеп болатындығын көріп тұрмыз.
Мәселен, жалған сөз сөйлеу. Жалған сөз кедейлік шақырады. Бұл жайлы арнайы хадисте бар. Сондай-ақ таңғы ұйқы да ризықтан қағады. Көп ұйқы ризық пен білімді жоғалтуға себепші.Адамдардың қуанышы – киім кию төркіні.
Білімдерді жинау болса, ұйқыны тәрк етуде, – деп айтылған.Және де:Пайдасыз түндер – жоғалған күндер,Ғұмыры қысқа тоналған күндер, – дейді.Сондай-ақ:Тура жолға түскің келсе, бауырым,Түнде ұйықтама, бұл уақыттың тәуірі.Енді қанша түнде ұйықтай бересің?Өміріңнің зулап барады кемесі, – деп айтылған.
Жалаңаш ұйықтау, жалаңаш дәрет сындыру, жүніп күйде тамақтану, жамбастап жатып тамақ жеу, дастарханда шашылған (нан мен тамақ) қиқымдарына мән бермеу, пияз бен сарымсақ қабығын өртеу, үйді түн мезгілінде сыпыру, қоқысты үйде қалдыру, шейхтардың алдына түсіп жүру, ата-ананы аттарын атап шақыру, қолына түскен жантақпен тісін тазалау, қолын лай немесе топырақпен жуу, табалдырыққа отыру, есіктің керегесін керіп тұру, жетханада дәрет алу, киімді үстінде киіп тұрып көктеу (жамау), бетін киіммен сүрту, үйді өрмекші ұясынан тазаламау, намазға жеңіл қарау, таң намазынан кейін мешіттен жылдам шығып кету, базарға ертелетіп бару, базардан кештеу қайту, кедейлерден нан қалдықтарын сатып алу, бала-шағаға жаман дұға жасау, ыдыс-аяқтарды жумау және бетін жаппау, шамды үрлеп өшіру – мұның барлығы кедейлікті шақырады.
Оның бәрі хадистерде келтірілген. Сондай-ақ, сынған қаламмен жазу, тісі сынық тарақпен шашын тарау, ата-анаға жақсылық сұрап дұға етуді тәрк ету, отырып сәлде орау, тұрып шалбар кию, сараңдық, шашып-төгу, ысырапшылық, жалқаулық, бейқамдылық және жұмысқа жеңіл қарау кедейліктің келуіне себепкер нәрселер.
Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ризық-несібенің түсуін (келуін) садақамен сұраңдар», – деп айтқан.
Ерте тұру барлық істің берекесін арттырады. Әсіресе, ризықтың. Жақсы ниет – ризықтың кілті. Жылы шырайлылық пен жақсы сөз жаттау қабілеті мен ризықты арттырады.
Хасан ибн Әли (р.а.): «Үйді сыпыру мен ыдыс-аяқты жуу байлықты шақырушы», – деген. Ризық-несібе шақыратын ең басты нәрселер – намазды толықтай мойынсұнумен, қорқумен оқу, рүкіндерін толыққанды орындау және де намаз уәжіптерін, сүннеттерін және әдептерін орындау.
Бұл мәселеде дұха намазы да пайдалы. Түнгі ұйқы уақытында «Уақиға» сүресін, сондай-ақ, «мүлк», «мүззаммил», «уәл лайли», «әлам нашрах» сүрелерін оқу да жақсы.
Мешітке азан шақырылмас бұрын келу, үнемі дәретпен жүру, таң намазы сүннетін, үтір намазын үйде оқыған абзал. Үтір намазынан кейін дүние сөзін сөйлемеу, әйелдер отырысында тым қажет болмаса ұзақ отырмау, дүниесіне және дініне ешбір пайдасы жоқ сөз сөйлемеу де осы талаптар қатарында.
«Кімде-кім өзіне қажеті жоқ іспен айналысса, өзіне керек шаруаны қолдан жіберіп қояды» деген сөз бар.
Бузруг Меһр: «Егер көп сөйлейтін кісіні көрсең, оның жынды екенін анық біл», – деген екен. Хазреті Әли (р.а.): «Ақыл толықса, сөз қысқарады», – деген. Автор: маған мына мағына сай келді:Кісі ақылы кемелденсе, Азаяды сөзі де.Көп сөйлейтін адам көрсең,Ақымақтың өзі де.(кітаптың бір нұсқасында: тағы бір ақын:Көркі болар кісінің сөйлеу деген,
Ал үнсіздік – басының амандығы.Сөйлер болсаң, көп созба сөздеріңді,Өсиет қып айтамын саған мұны.Үнсіздігім үшін еш өкінбедім,Ал, сөз үшін көп болды өкінгенім, – деген екен).
Ризық-несібені көбейтетін нәрселердің бірі – таң қылау бергеннен бастап намазға дейін:
«Субха-на Аллаһил Ъазым, субхана Аллаһи уә бихамдиһи астағфиру Аллаһа уә әтубу илайһи» деп жүз рет айту.
Және де: «Лә иләһа иллә Аллаһул Маликул Хаққул Мубину» деп әр күні таңертең және кешке жүз рет айту.
Сонымен бірге, әр күні таң намазынан кейін: «Әлхамду лилләһи уә субхана Аллаһи уәлә иләһа иллә Аллаһу» деп отыз үш рет айтып, дәл осыны ақшам намазынан кейін де қайталау.
Таң намазынан кейін қырық рет истиғфар айту. Және де: «Лә хаулә уәлә қууатә иллә билләһил Ъалиил Ъазым» сөзін және пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат дұғасын көп айтқан жөн. Ал, жұма күні жетпіс рет «Аллаһумма ағнини би халәликә ъан харомикә уәк фини би фадликә ъаммән сиуәкә» деп айтады.
Және әр күні кешке «Әнтә Аллаһул Ъазизул Хаким, әнтә Аллаһул Маликул Қуддус, әнтә Аллаһул Халимул Карим, әнтә Аллаһу Холиқул хайри уәш шар-ри, әнтә Аллаһу Холиқул жәннәти уән нари, Ъалимул ғойби уәш шаһадати Ъалимус сирри уә ахфа, әнтә Аллаһул Кабирул Мутаъал, әнтә Аллаһу Холиқу кулли шайин уә илаһи яъуду кулли шайин, әнтә Аллаһу Даиа-ну яумад дини ләм тәзәл уә лә тәзәлу, әнтә Аллаһу лә иләһә иллә әнтә, әнтә Аллаһул Ахадус Сомаду ләм ялид уә ләм юләд уә ләм якул ләһу куфуан ахад, әнтә Аллаһу лә иләһә иллә әнтәр Рахманур Рахим, әнтә Аллаһу лә иләһә иллә әнтәл Маликул Қуддусус Саләмул Муминул Муһайминул Ъазизул Жаббарул Мутакаббир, лә иләһә иллә әнтәл Холиқул Бариул Мусаууиру ләһул әсмәул хусна, юсаббиху ләһу мә фис самауати уәл арди уә һуал Ъазизул Хаким» деп сана айтуы керек.
Ғұмырды ұзартатын нәрселер: жақсылық жасау, адам баласына зиян тигізуден аулақ болу. Ғалымдарды құрмет тұту және ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынаста болу. Және әр күні таңертең және кешке үш рет: «Субхана Аллаһи мил әл мизани уә мунтаһал ъилми уә маблағар ридо уә зинәтал ъарши, уәл хам-ду лилләһи уәлә иләһә иллә Аллоһу уә Аллоһу Акбар мил әл изани уә мунтаһал ъилми уә маблағар ридо уә зинәтал ъарши» деп айту қажет.
Сондай-ақ, аса зәрулік болмаса, жасыл ағаштарды кесуден сақтану керек. Дәретті толыққанды алу, намазда аса тақуалық ету және үлкен-кіші қажылықтарды басын қосып жасау, денсаулықты сақтау да ғұмырды ұзартар нәрселерден.
«Тәлімгер тағылымы» кітабынан алынды.
Sunna.kz