Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Леңгір жамағатына ихсан тақырыбында насихат айтты

0 647

13 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы іссапармен Түркістан облысы Төлеби ауданының Леңгір қаласында болды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти Леңгір қаласындағы орталық «Нұр» мешітінде жергілікте жамағатпен кездесіп, рухани тәрбие Ихсан ілімі жайында уағыз-насихат айтып,  «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын таныстырды. Тұрғылықты жамағатқа бата беріп, аудан имамдарына қолдау білдірді.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы осы сапарында Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдігінің жұмысына қолдау білдіріп жүрген әжелермен кездесіп, өңірдегі жасалып жатқан игі істеріне тілектестік білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.