23 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратындағы «әл-Фараби» залында өткен Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның жеті бағытқа жауапты бөлім басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.
Атап айтқанда, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы назарға ұсынылып, есебі тыңдалды.
Айта кетейік, аталмыш жұмыстың жеті бағыты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында айтылып, жыл басында өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде бекітілген болатын.