Ислам діні бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Ол жайлы қасиетті құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде келтірілген. Бұл аяттар мен хадистердің басты ұстанымдарында адам баласының осы жары дүние есігін ашаннан ақыретке дейінгі қағидаттары қамтылған.
Бала ұрпақ жалғастығы ғана емес адамзат баласының өмір жалғастығы ретінде танылады. Сол себепті мұндай мәселелер өзекті. Алдымен басты ұстаным ретінде мыналарды келтіруге болады:
Біріншіден, бала тәрбиесін о баста, яғни ана ұрсағына түспей тұрып тәрбиелеуіміз ажет. Дәлірек айтанда, ата-ана балаға ниеттенген кезден-ақ «бісміллә»-мен бастауы керек.
Осыған байланысты, кейбір мұсылман елдерінде бұзық, нашаор, тәрбиесіз туған балалардың дүниеге келуін «бісміллә»-сіз болған жағдайдың куәсі деп келтіреді. Яғни, ондай балалардың ата-анасы оларды дүниеге әкелер кезде «бісмілләны» айтатын болса, мұндай жағдайларға тап болмас еді, керісінше, дені-басы сау, ақылды, зерек, жақсы перзент дүниеге келер еді дегенді алға тартады.
Сондытан, Ислам әдебінде әрбір қайырлы іс үшін «бісмілләні» айтуды өте маңызды деп санаған. Бұл жайында Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бісміллә – әрбір жақсы істердің кілті. Бісмілләсіз іс берекесіз», – деген. Сол үшін, ең алдымен, әдепке көңіл бөлу керек. Өйтпесе, көзі бар ағашты жону қиынға соғады.
Екіншіден, нәрестенің құлағына азан айту.
Нәресте туылған соң оң ұлағына азан, сол ұлағына қамат айту керек. Имам Тирмизи риуаят еткен хадисте Фатима анамыз Хасанды босанған кезінде Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) баланың құлағына азан айтандығы туралы жеткізілген.
Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде:
«Кімнің баласы туылғанда оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтса, ол нәрестеге жамандық келмейді», – деген. Басқа бір риуаятта былай делінген:
«Алланың Елшісінің(Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Фатима ұлиұлы Хасанды туған кезде Хасанның құлағына намазға азан айтқандай азан шақырған».
Мұсылман ғұламаларының пайымдауларынша, аталмыш дәстүрдің хикмет-сырларына үңілер болса, мынадай мағыналарды байқаймыз. Адам баласының дүниеге келген кездегі ең бірінші еститіні Раббының ұлылығын паш ететін азан даусы, шәхәдат-куәлік сөзі болуы тиіс екендігін білдіреді. Куәлік сөзінің өлім халінде жатан адамның ұлағына айтылатыны сияты дүние есігін жаңа ашан нәрестеге де дініміздің осынау маңызды рәмізін ұлағына ұюмен бастау. Бір жағынан, азан сөздері нәрестенің құлағына кіріп, жүрегіне жетіп, бойын баурап алса, одан артық қандай бақыт керек!
Нәрестеге азан айтудың тағы бір сыры – азан сөздерінен шайтанның ат-тонын ала ашатынында жатыр. Өйткені әзәзіл нәрестені туылғанша бақылайды. Ал әрбір пенденің жанында болатын қосақ-шайтаны нәресте туылып, оған алғаш келген сәттен-ақ азанның даусын естіп құты қашып,
жеңіледі. Осылайша жаңа туылған адам баласын шайтанның өзінің соңына ертпек болған әрекеті түкке аспай, салыны суға кетеді.
Азан айтудың енді бір сыры – нәрестені Аллаға ұлшылыетуге, хақ діні – Исламға шақыру болып табылады.
Үшіншіден, туылған нәрестемен сүйіншілеу. Алла тағала Құран Кәрімде:
«Әрбір үмбетке өздері 3станатын салттар бекіттік» («Хаж» сүресі, 67-аят), – дейді.
Айта кететін бір жәйт – мұсылмандық салттар әлдебір ырымға, адамға қатысты пайда болмаған, керісінше, бұл пайғамбарлардан жалғасып келе жатан игі дәстүрлер. Бұл дәстүрлердің негізінде Жаратушы Ха Тағаланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, Оның Жаратушы сипатын мойындау жатыр, ал пенде өзінің пендешілік дәрменсіздігі мен әлжуаздығын абылдау керек. Мысалы, дінімізде нәресте туылған кезде сүйіншілепқ уандыру, құттықтау айту дәстүрі бар. Оған дәлел – Құран Кәрім аяттарындағы Алла Тағала тарапынан жіберілген періштелердің Ибраһим, Зәкәрия сынды пайғамбарлардың ізгі ұрпақпен сүйіншілегендігі туралы хабары.
Ал, Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келгені туралы қуанышты хабарды оның көкесі Әбу Лақапқа күңі Суәйба сүйіншілеп жеткізеді. Осы хабарды жеткізген кезде Әбу Лақап Суәйбаны күңдіктен босатып, азат етті. Имам Бұхари риуаят еткен хадисте осы бір жақсы ісі үшін әрбір дүйсенбі күні Әбу Лақаптың азабы сәл жеңілдетілетіні айтылған.
Жалпы, қазақ халында да осындай дәстүрлердің қалыптасуы, яғни хабар жеткізушіге сүйіншілік сый-сияпат беру осы аят-хадистер аясында шариғатпен құпталатындығына дәлел болса керек.