Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ахаңның Әлиханға арнаған өлеңі

0 651

Ұлт ұстазы Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы) Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановқа арнап, шын достықтың,  бір-бірінің нарқына жетуінің, өзара ғизат-құрмет тұтудың, әділ бағаны жасырып қалмаудың, ел тізгінін ұстай жүріп өзара бақ күндесіп кетпеудің, – қысқасы ер болудың бір қиық нұсқасын тастап кетіпті…

Ел ұстайтын ерлерге үлгі боларлық үшбу өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ДОСЫМА ХАТ

Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай!

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк етті, көн терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай.

Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр?
Сасық ми, салқын жүрек санасыздар
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.

Сынайтын жақсы менен жаманды өлшеп,
Құлдықтың қолдарында көзі жатыр.
Кешегі кеңшілікте керек қылған
Бостандық болмаған соң, безіп жатыр.

Айтқанмен таусыла ма оны-мұны,
Талайдың таңдамалы түпкі сыры:
Жанасқан шын көңілмен жақындық аз –
Көбінің іші салқын, сырты-ақ жылы.

Ақшаға абыройын, арын сатып,
Азған жұрт, адамшылық қалмай сыны.
Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма
Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы?!

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.