1.Таң сәріде тұрып Алладан жарылқау тілеу. Алла «Әли Имран» сүресінің 17-аятында ақыретте мәңгі бақытқа кенелетіндерді сипаттай келе: «…таң сәріден жарылқау тілеушілер», – деген.
2.Жеке қалып ойлану. Алла тағала «Әли Имран» сүресінің 191-аятында: «Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады», – деген.
3.Жақсы адамдармен араласу. Алла тағала «Кәһф» сүресінің 28-аятында: «жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет», – деген.
4.Зікір ету. Алла тағала «Ахзап» сүресінің 41-аятында: «Алланы өте көп зікір етіңдер», – деген.
5.Шынайы ниетпен намаз оқу. Алла «Мүминун» сүресінің 2-аятында: «Мүміндер намаздарында іштей жалбарынады», – деген.
6.Құран оқу және мағынасына ой жүгірту. Алла «Ниса» сүресінің 82-аятында: «Ал, сонда олар Құранды түсінбей ме?», – деген.
7.Аптап ыстық күнде ораза ұстау.
8.Жасырын садақа беру. Алла елшісі (с.а.с.): «Оң қолының бергенін сол қолы білмей қалатындай жасырын болуы керек» деген.
9.Басқа бір мұсылманның қайғы-қасіретін бөлісу, қиыншылықтан құтылуына жәрдемдесу. Хадисте:
«Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала оны қиямет-қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады», – деген.
10.Бұл фәниден ақырет үшін бас тарту (қызықпау). Алла тағала «Ағла» сүресінің 17-аятында: «Ақырет қайырлы да тұрақты», – деген.
«Үміт cәулесі» кітабынан
Sunna.kz