Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Елдігіміз – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

0 631

Алматыдағы Ұлттық кітапханада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтардағы «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты Үндеуіне арналған «Елдігіміз – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы және қоғам қайраткерлері, шығармашылық өкілдері, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе келе, ел тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау жолына арналған мүфтият бастамаларына тоқталды.

«ҚМДБ 2022 жылды «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп жариялады. Ел тыныштығы мен бірлігін сақтауда Діни басқарма бірқатар шараларды қолға алды. Елдегі төтенше жағдай кезінде Бас мүфти бастамасымен дін қызметкерлері қайырымдылық шараларын атқарды», – деп атап өтті наиб мүфти.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.