Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Уақып» қоры қамқоршылар кеңесінің жиыны өтті

0 1  013

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің алғашқы жиыны өтті.

Алқалы отырысқа кеңес хатшысы, наиб мүфти Ершат Оңғар, кәсіпкер-меценаттар Серікжан Сейтжанұлы, Бахаридин Аблазимов, Исламбек Салжанов және Қамқоршылар кеңесінің өзге де мүшелері қатысты.

Алдымен ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы уақып ұғымының мән-мағынасына тоқталып, оның қазақ тарихындағы мысалдарына тоқталды.

«Тарихқа назар салсақ, қазақ жерінде жасалған алғашқы уақыптардың бірі ретінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесін айтсақ болады. Одан бөлек сөздік қорымызға еніп кеткен меценат деген термин бар. Сол меценаттықтың арғы тамыры осы уақыпқа келіп тіреледі. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ұлт руханиятына сүйеу болған дәулетті адамдар көп болды. Бірі – газет, бірі – кітап, енді бірі медресе, мешіт салдырды. Атап айтқанда, Бөкей әулетінің, Өскенбай әулетінің, оның ішінде Құнанбай қажы, Маман әулетінің, Мұса әулетінің қайырымды ұрпақтары мен жекелеген тұлғалардан Әбілғазы Қараманов, Ерден Сандыбайұлы, Тана Тілемісұлы, Оразбай Аққұлұлы, Нұрмағамбет Сағынайұлы (Паң Нұрмағамбет), Қаражан Үкібайұлы, Шаймерден Қосшығұлұлы секілді көптеген меценаттар елдің рухани, экономикалық дамуына үлес қосты. Бүгінде сол бабалардың жолы жалғасып келеді» деп атап өтті Бас мүфти.

Жиын барысында «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбай Қамқоршылар кеңесіне қор Жарғысының жаңа редакциясы мен даму стратегиясын таныстырып өтті. Сондай-ақ қордың логотипі мен атауы бекітілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.