Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Мақалалар

Мағжан Жұмабаев: Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза

28 қаң 2022 1 438 рет оқылды
Мағжан Жұмабаев: Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза
Көрнекті Алаш қайраткері, асқақ рухты ақын Мағжан Жұмабаевтың бала тәрбиесі, ұлт келешегі, халық дәстүрі хақында айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынамыз. *****                    *****                    ***** Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек. *****                    *****                    ***** Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебін де салмақ. Бір елдің тағдыры – мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл – ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. *****                    *****                    ***** Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, һәм өз жанымызға (қазақ жанына) қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт. *****                    *****                    ***** Тегінде, әдебиет – көктен түскен пайғамбарлық емес. Әдебиет – елдің жанында жүре бастаған толықындардың жарыққа шыққан жаңғырығы. *****                    *****                    ***** Адам жанын байқап машинаның құрбаны қылуға ұмтылу – адамзат дүниесінің соңғы ауруы. *****                    *****                    ***** Елге еңбегін сіңірген ер қымбат. Ердің елге бағасы – қаны бір болуда емес, жаны бір болдуда, қуаныш-қайғысы ортақ болуда. Ердің бағасы елге еткен еңбегінің зор якии кішілігінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында, тілегінің елмен ортақ болуында, ер өмірінің өрі мен көрі  – ел өмірінің өр-көрімен бір болуында. *****                    *****                    ***** Әр халықтың өзінің жаңа жылы, жыл басы болады. Қай уақытта, қай халықта болса да жаңа жыл сол халықтың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Европа жұртының бір жерінде жаңа жыл 1 январь, бір жерінде 1 сентябрь, тағы осындайлар. Азияда жаңа жыл жазғұтырым, қазақ елінде марттың 22-сі. *****                    *****                    ***** Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны ел бір-бірімен көрісіп "Жасың құтты болсын!" дейді.

"Алаш айқан асыл сөз" кітабынан

sunna.kz 

#Алаш айтқан асыл сөз #Мағжан Жұмабаев