Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әбубәкір Кердері: Тілі екеудің – діні екеу

0 761

Зар-заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақынның бүгінгі замандастарымыздың кәдесіне жарар деген оймен үшбу өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,

Бір-бірін жамандықтан сақтамаса.

Бүгін тату болса да ертең араз,

Достығы бүгінгінің тап-тамаша.

Бір-бірін қорықса сыйлайды адам,

Түсінер бұ сөзіме білімді адам.

Тілеуіңнің біреуі – от, біреуі – су,

Сөйледің екі түрлі тіліңді адам.

«Тілі екеудің – діні екеу» деген сөз бар,

Аңдамай бұзып алма, дініңді адам.

«Он ғасыр жырлайды» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.