Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жамағат апталық дастархан басында бас қосты

0 380

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа апталық дастархан жайылып, ауызашар берілді, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттап, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру ақсатында мешітімізде атқарылып жатқан іс-шаралар легі жалғасуда. Соның бірі болған апталық дастархан аясында ережеп айының басталуына орай, ерікті ораза ұстаушыларға ауызашар берілді.

Наиб имам Бекзат Ақжігітов жиналған жамағатқа қасиетті айлардағы құлшылық, жамағаттың береке-бірлігі турасында уағыз айтты.

Айта кетейік, ережеп айы қасиетті айлардың бірі болғандытан ерікті ораза ұстау Пайғамбар (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) заманынан келе жатқан мұсылман жұртының жақсы амалдарының бірі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.