Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ахмет Байтұрсынұлы: Мал бағатын, ел бағатын, бала оқытатындар туралы

0 513

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі қазаққа керек болар деген бірқатар ой орамдарын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Арзан пәлсапа – алысқа апара алмас.

 

Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.

Ауру адамның, аш адамның есі, ақылы орнында болмайды, «Мастық не дегізбейді, аштық не жегізбейді» деген қазақта мақал бар.

Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.

Әркім жалғыз өзім демей, өзгелер жайын да ойлап, пейілін кеңге салып іс етпесе, жұрт жұмысы түзелмейді.

Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек. Күш пен есті қатар жұмсап ас қылу – еңбек ету болып шығады.

Мал бағатындар – мал бағуын жақсы білуге керек, ел бағатындар  – ел бағуын жақсы білуге керек. Бала оқытатындар – бала оқытуын жақсы білерге керек.

Шабыттанып істемеген іс оңды да болмайды.

Өз еркім – өзімде, өз ісіме – өзім қожа, өзім – себеппін деп жүрген адам, тұрмыс ісінің орауынан, шырмауынан әрі аса алмайды.

«Алаш айтқан асыл сөз» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.