Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғылмани мешітіне жаңа қызметкерлер тағайындалды

0 1  183

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңадан қызметкерлер тағайындалды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мешітімізге жаңадан наиб имам және азаншы тағайындалды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов жұма намазына жиналған ағайынға наиб имамдық қызметке тағайындалған Хасенов Саят пен  жаңадан тағайындалған азаншы Хадиршаев Салмонды таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Хасенов Саят Серікұлы

16.05.1989 ж. дүниеге келген.

Білімі:

2008-2011 ж.ж. аралығында «Астана» медресе колледжін тәмамдаған.

2014-2017 жылдар аралығында Түркия Республикасы «Хасеки» діни институтында білімін жетілдірген.

Еңбек өтілі:

2011-2013 ж.ж. аралығында Қостанай облысы, Қостанай қаласы «Марал-Ишан» мешітінде ұстаз;

2013-2014 ж.ж. дейін Костанай облысы, Рудный қаласының «Нұр» мешітінің найб имамы;

2017-2022 жылдың 16 ақпанына дейін елордамыздағы «Төлебай» мешіті  найб имамы қызметінен атқарған.

2022 жылдың 17 ақпанында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің найб имамы қызметіне тағайындалды.

Хадиршаев Салмон Абдулхафизулы

04.04.1990 жылы дүниеге келген.

Білімі:

2005-2008 ж.ж. «Дарул аль Аркам» медреседе(Құран Кәрім жаттау орталығы) оқыған.

2008-2013 жылдар аралығында «Нұр Мүбәрак» университет бітірген.

Еңбек өтілі:

2014-2016 ж.ж. Павладар қаласы Екібастұз қалалық  мешітінде ұстаз;

2016-2017 жылдар аралығында Мысыр Араб Республикасы Кайр қаласында білімін жетілдірген;

2017-2018 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Әділ Омар» мешітінде ұстаз;

2018-2022 жылдың 17 ақпанына дейін елордамыздағы «Әл Фараби» мешітінің азаншысы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің азаншысы болып тағайындалды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.