Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт шәкірттері Құранға түсті

0 501

Сауат ашу жұмыстарын жандандыру бір жағы діни сауаттылықты жоғарылатса, екінші жағынан жат ағымдардың алдын алу жұмысында да өзіндік мәнге ие.

Осыған орай, “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде жыл басында сауат ашу жұмыстарының жаңа маусымы ашылған болатын.

Бүгін мешіттің Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Айгүл Көксегеннің алдынан білім алған 42 шәкірт Құран әліппесі мен тәжуид ілімін тәмамдап, Құранға түсті.

Сауат ашу курсының бұл жетістігі жайлы “Астана” медресе-колледжінің қыздары бөлімінің ғимаратында өткен “Құран – нұрдан тәж” атты рухани кеште мәлім болды.

Шәкірттерге дін мен дәстүр сабақтастығы насихатталған рухани шаралар өткізілген кеш қайырымдылық шарасына ұласты.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.