Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін мен дәстүр: Сырмақтың түрлері

0 1  191

Сырмақ – қазақтың үй ішінде тұтынатын ете ертеден келе жатқан төсеніштерінің бір түрі. Оны көлеміне, жасалу түріне қарай түрлі-түрлі атайды.

1.Көш сырмақ – көш бастайтын түйеге жабатын үлкен сырмақ.

2.Төр сырмақ – төр алдына салатын бас сырмақ.

3.Төсеніш сырмақ – төрдің екі жағына төселетін сырмақ.

4.От сырмақ (от киіз) – киіз үйдің от жағатын орталығын айналдыра төсейді. Оның бет жағы ойыс, ірге жағы дөңес келеді.

5.Төсек сырмақ –жер төсектің астына, кереуеттің алдына төселетін шағын сырмақ.

6.Ақ сырмақ – ақ киізді ақ жіппен сырып жасалған сырмақ.

7.Қарала сырмақ – қара киізге ақ киіз оюлап тігілген сырмақ.

8. Жиек сырмақ – бір түсті киіздің бетін жиекпен өрнектеп тігілетін түрі.

 9.Оюлаған сырмақ – киіздің бетіне түрлі-түсті матаны оюлап бастырып, жиектеп тігілген сырмақтың түрі.

10.Дебеке сырмақ – қозы жүнінен арнап басқан қыздардың төсеніші.

11.Алаша сырмақ – ортасына алаша басып тіккен сырмақ түрі.

12.Бөстек сырмақ – ортасына аң терісін жымдастырып тігілген сырмақ.

13.Қара сырмақ – қара жүніннен киіз басып, оны жиектеп, өрнектеп тіккен сырмақтың аты.

14.Бірбеткей сырмақ – астарланбай сырылған жиекті сырмақтың түрі.

15.Ас сырмақ – дастарқанның, дөңгелек үстелдің астына салуға арналған сырмақ осылай аталады.

16.Кілем сырмақ – ортасына түкті кілем келтіріп, шетін екі жолақ жиекпен жиектеп, ойыстырып жасалған сырмақ.

Сырмақ тек күзем жүннен істеледі.

Редакциядан ескерту:

Сырмақ – қазақтың тұтас үй мәдениетінің, танымдық мәдениетінің бір ғана бөлігі бола тұра, түрі өте көп құндылықтың бірі. Сондықтан да, қазақтың сырмақ (сырдақ, киіз) түрлері осы бір ғана дереккөзімен шектеледі деуге болмайды. Сырмақтың басқа да түрлері көп. Алайда, формасына, өнрегіне, қолданылуына, істелуіне, шикізатына, т.б факторларға байланысты және әр өңірдің тілдік, танымдық ерекшеліктеріне қарай басқа да көптеген атаулары бар.

Материал “Иман” жураланың 2022 ж. №2 санынан алынды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.