Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жаңа әдет қалыптастырудың 7 кезеңі

0 707

Шешім қабылдау

Қай бағытта әрекет етіп, немен айналысатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ұйқыдан ерте оянып, жаттығу жасағысы келген адам, оятқышты белгіленген уақытқа қойғаннан кейін, таңда қоңырауды ести салысымен бірден тұрып спорттық киім киген өте маңызды. Жаттығуды мейілінше сыртта жасаған жөн.

Сылтаулар мен шектеулерден аулақ болу

Жаңа әдет қалыптастыру кезінде сылтаулар мен шектеулерден бас тарту. Өзіңізді ақтап алатын мысалдарды іздемеу. Босаңсып кетуден аулақ болған жөн. Таңғы 6-да ұйқыдан тұрамын деп шешсеңіз. Босаңсып кетуден аулақ болған абзал. Сонда ғана бұл іс сіздің еркіңізден тыс орындалатын жағдайға жетеді.

Шешіміңіз жайлы таныстарға айту

Өміріңізді өзгертіп, жаңа әдет қалыптастыруға бел байлағаныңызды өзгелерге де айтыңыз. Басқалар сізді бақылаған кезде, бойыңызға ерік-жігер еселене түседі.

Ойша образ жасау

Қабылдаған шешім бойынша әрекет етіп, жетістікке жеткеніңізді елестету. Жетер нәтижеңіз бен қалыптастырар әдетіңіз жайлы қаншалықты жиі ойласаңыз, санаңыз да мұны соншалықты жылдам қабылдайды.

Өз жетістігіңізді қайталау

Күнделікті іштей қабылданған шешімді қайталап отыру. Тіпті кереметтей нәтижеге жеткендей ой қалыптастыру аса маңызды. п кетсе нәтижесі тіпті керемет болады. Мұндай қайталаулар жаңа әдеттің жылдам қалыптасуына әсер етеді.

Шешімнен ауытқымау

Жаңа әдет бойыңызда өздігінен орындалатын деңгейге жеткенге дейін қайталаудан жалықпау. Бұлай жасалынбайтын болса, өзіңізді жайсыз сезінетіндей деңгейде күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналуы тиіс.

Өзіңізге сыйлық беру

Талпыныстар мен әрекеттер, жеткен жетістіктер үшін өзіңізді марапаттап отырудың да өзіндік әсері болмақ. Бұлай жасау қабылданған шешім мен жаңа әдеттің дұрыс екендігіне көз жеткізуге пайдалы. Санада жаңа қалыптасқан әдеттң рахаттану сезімімен байланыстыратын болады да, келесі жолы да басқа істерде белгілі нәтижеге жету барысында өзіңізге жағдай жасайсыз.

«Иман» журналының 2022 жылғы №3 санынан алынды

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.